Halyq Uni логотип
×

Алматыдан 682 шақырым жерде 4,2 балдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 682 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан.

 Халық үні 09.03.2024 | 08:45
Алматыдан 682 шақырым жерде 4,2 балдық жер сілкінісі болды
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

ТЖМ қарасты Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының станциялар желісі 8 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 22 сағат 41 минут 18 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 682 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты: 8.9

MPV магнитудасы: 4.2.

Эпиошақ координатасы: 47.61° с.е. 82.97° ш.б.

Тереңдігі: 15 км.

MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы деректер: Қазақстан аумағында сезілген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама