×

«Бір-бірінен басқа ешкімі жоқ»: журналист көп уақыт құлдықта болған апалы-сіңлілі қыздарды мерекесімен құттықтады

Назгүл мен Құндыздың бұл фәниде бір-бірінен басқа ешкімі жоқ

 Халық үні 08.03.2024 | 23:28
Фото: видеодан алынды

Түркістан облысында 17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілі қыздарды «Көреміз» бағдарламасының жүргізушісі Руслан Өтепбай 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай арнайы барып құттықтады.

Журналист бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтып, жазба жариялады.

«Көктем мерекесі - айнала әрленіп, қыздар жақындарынан жылы сөз естіп, сүйіктілерінен сыйлық алатын шақ. Әсіресе 8 наурыз мерекесін жаныңа жақын жандармен өткізгенге не жетсін…

Алайда Назгүл мен Құндыздың бұл фәниде бір-бірінен басқа ешкімі жоқ. Сондықтан әпкелі-сіңлінің көңілін көтеріп, сұрсыз күндерін сәндеу үшін гүл шоқтары мен тәттілерді алып, кіріп шықтым. Қыздар марқайып қалғандай…

Ағайын, қос қыздың тағдыры сіздерге де сабақ, үлгі-өнеге болсын. Қысқа ғана өмірде бір-бірімізге демеу, бауырларымызға медеу болып жүрейік!»,  - деп жазды журналист.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама