Әнші Арман Қоңырбаевтың әкесі қайтыс болды

Халық үні

Танымал әнші, Аша Матайдың күйеуі Арман Қоңырбаевтың әкесі дүниеден өтті.

Фото: әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Танымал әнші, Аша Матайдың күйеуі Арман Қоңырбаевтың әкесі дүниеден өтті.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Бір апта бұрын қасиетті жұма күні. Менің тірегім, тілекшім, асқар тау, асыл әкем Қоңырбаев Қайрат Сегізбайұлы дүниеден өтті. Осы суреттерді естелік ретінде қалдырғым келіп тұр. Алла тағала өз рахымына алсын, жаныңыз жәннәтта болсын Әке. 25.01.1962 - 01.03.2024», - деп жазған ол.