Halyq Uni логотип
×

Мемлекеттік қызметшілерге жұмыстан тыс уақытында такси жүргізуші болуға рұқсат берілмек

Алайда, кәсіпкерлікке жатпайтын қызмет түрлерімен ғана айналыса алады

 Халық үні 27.12.2021 | 14:44
Мемлекеттік қызметшілерге жұмыстан тыс уақытында такси жүргізуші болуға рұқсат берілмек
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова заңнамаға мемлекеттік қызметшіге жұмыстан тыс уақытта қосымша табыс табуға рұқсат беретін норма енгізілетінін хабарлады.

Бүгінгі күні заңнамада мемлекетік қызметшіге қосымша жұмыспен айналысуға рұқсат беретін норма жоқ. Бірақ біз болашақта заңға енгізуді ойластырып жатырмыз. Яғни жұмыстан бос кезінде қосымша жұмыспен айналысуға болады деп кіргіземіз. Дәл қазір заңнамада бұл жоқ. Бірақ біз дайындап жатырмыз, - деді агенттік басшысы.

Агенттік басшысының айтуынша, мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта кәсіпкерлікке жатпайтын қызмет түрлерін ұсыну арқылы табыс таба алуға тиіс.

Неліктен оларға қосымша жұмыс істеуге болмайды? Болады. Бірақ кәсіпкерлікпен емес. Мысалы, жұмыстан бос кезінде таксист болып жұмыс істеуге болады деген сияқты. Отбасын асырауға қосымша қаражат керек болса, соған рұқсат беретіндей заңнамалық өзгерістер дайындап жатырмыз. Бірақ ол әлі қабылданған жоқ. Ал кәсіпкерлікпен айналысуға болмайды, - деді Анар Жайылғанова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама