×

Шығыс Қазақстан облысында астық толы элеватор өртенді

Оның кептіру бөлігі жанған

 Еркеғали Болатұлы 08.03.2024 | 11:25
фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Предгорное ауылындағы элеватор өртенді, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Оқиға 8 наурызда болған. Элеватордың кептіру бөлігі өртенген. Ведомство таңғы сағат 6:30-да мәлімет берді.

Кептіргіште шамамен 20 тонна астық болған. Элеватордың шамамен 250 шаршы метр аумағы өртенген, - делінген хабарламада.

Ал таңертең сағат 10:30-дағы ақпаратта кептіргіште шамамен 10 тонна астық болғаны айтылды.

«Өрттің ауданы – 120 шаршы метр. Сағат 10:11-де өрт оқшауланды. Оны сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 63 адам, 10 техника, 1 өрт сөндіру пойызы (құрамында 7 адам), «Васкен» ЖШС жеке құрамынан 6 адам және 1 техника, ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ШҚО бойынша департаментінің өкілі жұмылдырылды», - деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама