×

Лицензиялық турнир: Римма Волосенко төрешілердің құрбаны болды

Жарыс жолынан 3 боксшымыз шығып қалды

 Еркеғали Болатұлы 08.03.2024 | 10:50
фото: t.me/prosports_kz

Италияның Бусто-арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде 3 бірдей боксшымыз жарыс жолынан шығып, олимпиадаға жолдама иелене алмады.

Ерлер арасында 63,5 келіде сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы болгариялық Радослав Росеновқа тартысты жекпе-жекте есе жіберді. Отандасымыздың үшінші раундта қабағы жарылып, төрешілер жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермеді.

Ал әйелдер арасында 54 келідегі Жайна Шекербекова алғашқы айналымда-ақ нигериялық Шукура Каримге есе жіберсе, лицензия алуға бір қадам жақын болған Римма Волосенко төрешілердің құрбаны болды. Отандасымыз словакиялық Мирослова Жединаковадан бір бас жоғары болғанмен, төрешілердің «бармақ басты, көз қысты» әрекетінің құрбанына айналды.

Айта кетейік, боксшылар олимпиадаға жолдама алу үшін тек жартылай финалға шықса жеткілікті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама