«Қомақты қаражат ұсынды»: Аша Матай «Қалаулым» бағдарламасының құпиясын ашты
Тележүргізушінің айтуынша, атышулы бағдарламаның ел білмейтін құпиясы көп
Танымал әнші, актриса, тележүргізуші Аша Матай атышулы бағдарламаның ел білмейтін құпиясын ашты. Бұл туралы ол «Taboo» подкастында айтты.
Аша Матай «Қалаулым» бағдарламасының жүргізушісі болған кезде қиындықтарға тап болғанын да алға тартты.
Атышулы бағдарламаға дейін атым шығып, ел танып жатты. «Аша Матай» брендінің танылғанына – 20 жыл. Түрлі отандық арналарда жұмыс істедім. «Бір болайық» пен «Қосылайыққа» да жүргізуші болуға ұсыныс түсті. Бірақ бас тарттым. Өйткені әр жұмыстың өзінің шығар биігі болады. Мен «Қалаулымда» сол биікке көтерілдім. Мақсатым орындалды. Одан кейін қайтып барып, сүйкімімді кетіргім келген жоқ. Ол жобаны жақсы көремін, әріптестерімді сыйлаймын. Кішкентай балам секілді. Қатысушылармен де қарым-қатынасымыз жақсы. Өздеріңіз де естіген боларсыздар, бұл бағдарлама қоғамда үлкен наразылық тудырды. Маған неше түрлі сөз айтылды. Оның бәрін көтеру оңай емес. Тіпті, өнерде сыйласып жүрген аға-әпкелерім де мені жамандады. Бір жолыққанымызда «Саған емес, бағдарламаға қарсымыз» деп ақталды. Ал ол бағдарламада да менің қолтаңбам бар еді. Бәрі өткен уақыттың еншісінде қалды, – деп жауап берді өнер иесі.