Halyq Uni логотип
×

«Өзіме қатты ұқсаттым»: ер адам Жәнібектің әкесі болуы мүмкін екенін айтып, ДНҚ тапсырды

Кейіпкер күдігі расталмаса да Жәнібекке көмектесуге дайын

 Халық үні 08.03.2024 | 07:22
«Өзіме қатты ұқсаттым»: ер адам Жәнібектің әкесі болуы мүмкін екенін айтып, ДНҚ тапсырды
Фото: видеодан алынды

55 жастағы Қайрат Бекшаев Испаниядан Қазақстанға анасын іздеп келген Жәнібектің болжамды әкесі болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады «Көреміз» бағдарламасы.

Ол 2001 жылы бір емес, екі келіншекпен көңіл жарастырғанын жеткізді. Тіпті 24 жастағы ұлын Жәнібекке ұқсатып, өз еркімен ДНҚ сынамасын тапсырып та көрген.

Жәнібекті өзіме қатты ұқсаттым, – дейді Қайрат Бекшаев.

Алайда ДНҚ сынамасы мүлде басқалай болып шықты. Қайрат Бекшаев Жәнібектің әкесі емес. Ұқсастық нөл деңгейінде.

Кейіпкер күдігі расталмаса да Жәнібекке көмектесуге дайын екен айтады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама