Түркістан облысында кеденшілер жүк көліктерінінің ел аумағына кіріп-шығуы үшін пара алып келген деген күдікке ілінді
Түркістан облысында кеденшілер жүк көліктерінінің ел аумағына кіріп-шығуы үшін пара алып келген деген күдікке ілінді, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Антикордың мәліметінше, «Қазығұрт» кеден бекетінің қызметкерлері шекарадан кедергісіз өткісі келген әр жүк көлігінен 50 мың мен 200 мың теңге арасында ақша алып отырған.
Қазір аталмыш бекеттің лауазымды тұлғаларын жұмыстан шеттету және абақтыға жабу мәселесі қаралуда. Сондай-ақ кеденшілердің заңсыз әрекетпен қанша уақыттан бері айналысып келгені анықталып жатыр.