×

«Ерланға көз тиген сияқты»: «Музарт» тобының концертінде күтпеген жағдай болды

Көптің көзайымына айналған «Музарт» тобының концертінде топ мүшесі, бас гитарист ауырып қалды

 Халық үні 07.03.2024 | 22:50
Фото: el.kz

Көптің көзайымына айналған «Музарт» тобының концертінде топ мүшесі, бас гитарист ауырып қалды.

Наурыз айында әртістер қалааралық гастрольдік сапарға шыққан. Оқиға Қарағанды қаласында болды. 

Концерттің ортасында бас гитарист Ерлан Құлахметтің қан қысымы көтеріліп, ауырып қалды. Бір минуттай абдырап, түсінбей қалдық. Гитара аспабының сүйемелдеуінсіз бір ән шырқадық. Көп ұзамай қалпына келіп, сахнаға шыққанда «шүкір» дедік. Көрерменнің көңілі түспесін деп түсіндіріп жатқанымыз ғой. Ауырмаңыздар! Ерланға көз тиген сияқты. «Қай жігіт?» десе, «Мейрамбектен кейінгі сұлу жігіт» деп халық сұрайтын, – деп әзілдеді Сәкен Майғазиев. 

«Музарттың серілеріне саулық тілейміз!», «Ақтөбеге келгенде осы жігіттің келіншегі босанып еді. Қуанышты жаңалығын сахнада тұрып естіді», «Қарағандылықтарды бір қуанттыңыздар», «Концертте болдық, ауырып орнынан тұрып кетті», «Кеш керемет өтті, әндеріңізді халықпен бірге шырқадыңыздар» деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама