×

«Мені қорқытпай қоя тұр»: Меруерт Түсіпбаева Бейбіт Қорғанға жауап берді

Әнші Меруерт Түсіпбаева өнердегі әріптесі Бейбіт Қорғанмен сотта кездесетінін айтып, желіде жазба жариялады

 Халық үні 07.03.2024 | 21:26
Фото: әншілердің парақшаларынан алынды

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева өнердегі әріптесі Бейбіт Қорғанмен сотта кездесетінін айтып, желіде жазба жариялады.

Әлеуметтік желілерде атыраулық келіншек Нұргүл Зиханова «Ұлымның әкесі – Бейбіт Қорған» деген ақпарат таратқан соң әнші ДНҚ тасыруға мәжбүр болған. Алайда оның қорытындысы теріс нәтиже көрсетті.

Менің бір ой салар жазбам үшін Бейбіт сотқа береді деген ақпарат тарады. Мен әлемде болып жатқан кез келген мәселеге мәдениетті түрде пікірімді білдіруге құқылымын. Жазбамды еш өзгеріссіз қайтадан жариялаймын. Сотта да ақымақтар отырған жоқ. Өзім де ұл өсіріп отырмын. Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді?! Бағдарламаның ДНҚ тапсырған бөлімін көріп, көңілім су сепкендей басылды. Жабырқау күйге еніп, құлазыдым. Арнаның журналистеріне рейтинг керек. Көрерменге шоу қызық. Бес жылдан кейін белгілі болған әйел мен еркектің де жағдайы белгілі. Ал бейкүнә сәбиді ойлаған жан бар ма?! Бейбіт баланың жанынан өте шыққанда жүрегім дір етті. Ол ер бала ертең есейіп, мына дау-дамайды көргенде қандай күй кешеді?! Ересектердің біреуі баланы ойлап отырған жоқ, – дейді әнші.

Меруерт Түсіпбаеваның айтуынша, осы сөздері үшін Бейбіт Қорған оны сотқа бермекші екен. 

«Бейбітті қаралайтын сөйлем жазған емеспін. Отбасына тіл тигізбедім. Мен мейірім туралы ғана жаздым. Менің түсінгенім бойынша, әйелдің басты мақсаты – баланы емдеу. Шоусыз-ақ ДНҚ тапсыруға, адвокат жалдауға оның ақшасы болмаған. Бейбіт 6-7 адамды сотқа береді екен. Арасында мен де бармын. Ешкімді сөгіп, қараламаймын. Құдай баламен сынамасын! Баланың ауырғаны – ең жаманы. Соттан да қорықпаймын. Естеріңізде болар, стилист Жадыра Сахиева (Жадо) мені сотқа сүйреп, өзі соңында сот залынан кешірім сұрап шықты», – деп жазды өнер иесі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама