Белгілі актриса, әнші Аша Матай сазгер Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспановтың жазбаларына қатысты пікір білдірді.
Белгілі актриса, әнші Аша Матай сазгер Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспановтың жазбаларына қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы ол «Taboo» подкастында айтты.
Олжас Еспанов бейтаныс қызға интимдік хаттар жазып, қызды қонақүй жалдап, төсектес болуға шақырған.
«Әлеуметтік желіден көріп, қатты қапаландық. Тіпті, жолдасым Арманмен бірге отырып, талқыладық. Дегенмен, бұл баланы жақсы танимын деп айта алмаймын. Бірақ ата-анасы жақсы танимын. Бір-екі рет Нұрлан ағаның қасынан көрдім. Ондай жаман қылықтарын байқаған жоқпын. Әкесі керемет жан. Үйіндегі жеңгемізбен де сәлеміміз түзу. Олжасты жолдан тайдыру үшін әдейі ұйымдастырылған да болуы мүмкін. Егер қыз өзін жақсы ұстаса, ондай әңгіме жазылмас еді деп ойлаймын. Балалықпен де жазылған болуы мүмкін. Бірдеңені кесіп-пішіп айту қиын. Өзіңді не күтіп тұрғанын білмейсің. Болашақта балаларымыз қалай болады?! Отбасы үшін ғана қиын жағдай. Соңы жақсы аяқталсы», – дейді актриса.
Бұған дейін TikTok желісіне Айсұлу есімді қолданушы танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжаспен жазысқан хатын жариялады.
Онда Олжас жазған сөздеріне өкінетінін айтып, қыздан кешірім сұраған.
«Осылай адамқұсап сөйлесейік десең, өзің диалогқа келмей жатырсың. Халықтың алдында абыройым айрандай төгілді. Кінә менен болды. Өзің де біліп тұрсың. Ойнастықтан болған болар. Пендеміз ғой, қателестім. Алла алдында жауап беремін. Бұл өмірде ешкім пәк емес. Умраға барғаннан кейін қойғанмын. Жігіт болған соң қараған болармын. Адам өзгеруі керек қой енді. Ал саған қашан жазғанымды білмеймін. Хайырлысы енді. Болған іс болды. Бәрі көрді. Бұл іске Алла алдында өзім жауап беремін. Кешірім сұраймын. Өмірлік жарым табылып жатса, үйленемін. Сенен кешірім сұраймын», – деп жазған ол.