Telegram арналарының бірінде «есірткіні шамадан тыс пайдаланған №56 мектеп оқушысын жедел жәрдем алып кетті» деген ақпарат пайда болды.
Алматыдағы мектептердің бірінде оқушы есінен танып қалды. Оның себебін қалалық білім басқармасы түсіндірді, деп хабарлады inform.kz.
Telegram арналарының бірінде «есірткіні шамадан тыс пайдаланған №56 мектеп оқушысын жедел жәрдем алып кетті» деген ақпарат пайда болды.
Алматы қалалық Білім басқармасы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.
«Қыз бала шамадан тыс шаршау салдарынан есінен танып қалған. Жеткіншекке келген жедел жәрдем бригадасы барлық қажетті көмекті көрсетті», - деп түсіндірді ведомство.