Halyq Uni логотип
×

БҚО-да фельдшерді балағаттаған тұрғын қамауға алынды

Сотта азамат өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты

 Динара Амантай 07.03.2024 | 14:45
БҚО-да фельдшерді балағаттаған тұрғын қамауға алынды
Фото: Halyq Uni

БҚО-да фельдшерді балағаттаған тұрғын қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, сотталушы масаң күйде бола тұра медициналық куәландыруды өткізіп жатқан аурухана фельдшерінің ауызша ескертулеріне құлақ аспастан, оны балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, жұмыс істеуіне кедергі келтірген. Сотта азамат өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.

Жаңақала аудандық соты сотталушының іс-әрекетін саралап, жауаптылығын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, құқықбұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын ескеріп, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама