Halyq Uni логотип
×

Қарапайым қазақстандықтардың мобильді аударымы тексерілмейді – Қаржы министрлігі

Тексеріс тек жеке кәсіпкерлерге қатысты

 Дәурен Ерболат 07.03.2024 | 13:28
Қарапайым қазақстандықтардың мобильді аударымы тексерілмейді – Қаржы министрлігі
көрнекі фото: Halyq Uni

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қарапайым халықтың мобильді аударымдары тексерілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Біз қарапайым қазақстандықтарды тексермейміз. Мысалы, сіз басқа адамға мобильді аударымдар арқылы 100 рет ақша жіберсеңіз де, біз сізді мазаламаймыз. Тағы қайталап айтамын, біз тек жеке кәсіпкерлерді, осы аударымдардан түскен ақшаны алатындарды тексереміз. Біз бақылауды осының негізінде жүргіземіз, - деді Ержан Біржанов Сенат кулуарында.

Бұған дейін министрдің орынбасары жеке кәсіпкерлер мобильді аударымдар арқылы ақша алып, салық төлемей отырғанын айтқан еді. Сондай-ақ Қаржы вице-министрі кәсіпкерлердің мобильді аударымдары қандай жағдайда тексерілетінін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама