×

Қарағанды облысында 7 жалған компанияның қылмысы әшкереленді

Бюджетке 300 миллион теңгеден астам салық түспеген болып шықты

 Динара Амантай 30.05.2022 | 16:50
Фото: ашық дереккөз

ҚМА-ның Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті контрагенттер-сатып алушыларды салық төлеуден босату мақсатында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, тауарларды жеткізбей жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша заңсыз әрекеттермен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2018-2021 жылдар аралығында 7 жалған компанияның қылмыстық әрекетінен жалпы айналым 2 миллиард теңгеден асқаны, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке 300 миллион теңгеден астам салық түспегені анықталды, – деп мәлімдеді Агенттіктің баспасөз қызметі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті үйқамаққа алынды. Қылмыстық іс аяқталып, бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды.

Тағы оқи отырыңыз: Ақпаннан бері қамауда отырған экс-министрге қатысты іс әлі сотқа жетпеген. Оралда 54 миллион теңге бөлінген бейнекамералар істемей тұр. Елордалық төрт азамат 55 мың долларға жуық жалған ақшаны айналымға енгізген.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47