×

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі

 Халық үні 06.03.2024 | 22:44
фото: Halyq Uni

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 7 наурызда төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Қостанай облысының шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама