Тұрғындар полицияға хабар берген
Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды. Олар бір-бірін қуалап жүріп соққыға жыққандарымен қоймай, оқ атқан, деп хабарлады Астана телеарнасы.
Тұрғындардың бірі оқиғаны ұялы телефонға түсіріп, полицияға хабар берген көрінеді. Салдарынан 10-сынып оқушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Ал екі кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынды.
Ресей федералдық полициясымен «бұзақылық» және «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.