Halyq Uni логотип
×

«Қазығұрт» кеден бекетінің лауазым иелері пара алды деген күдікке ілінді

Тергеу жұмыстарымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті айналысып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 06.03.2024 | 18:06
«Қазығұрт» кеден бекетінің лауазым иелері пара алды деген күдікке ілінді
Фото: otyrar.kz

Түркістан облысындағы «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазым иелері жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады otyrar.kz.

Тергеу жұмыстарымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті айналысып жатыр.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, олар жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алу деген күдікке ілініп отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама