×

Қызылорда облысында кәсіпкерлерге қатысты 45 қылмыстық іс тоқтатылды

3 кәсіпкердің мүлкі бұғаттаудан босатылды

 Динара Амантай 06.03.2024 | 17:47
Фото: Қызылорда обл. прокуратураның баспасөз қызметі

Бас прокуратураның бастамасымен кәсіпкерлердің құқығын қорғау саласындағы құқық қолдану практикасына талдау жүргізіліп, оның қорытындысымен бизнестің, оның ішінде қылмыстық-құқықтық саладағы жүйелі проблемалар анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық прокуратура органдарының қызметкерлері кәсіпкерлерге қатысты тіркеліп, бірнеше жыл көлемінде шешімін таппаған 45 қылмыстық істі анықтап, барлығын ақтау негіздерімен тоқтатты. Сондай-ақ қылмыстық қудалау органының 2 жергілікті кәсіпкердің шетелге шығуын шектейтін заңсыз шешімі анықталып, жойылды. 3 кәсіпкердің мүлкі бұғаттаудан босатылып, шектеулер алынып тасталды.

Кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау фактісімен ҚР ҚК-нің 365-бабы («Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау») бойынша 1 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу нәтижесінде сотқа жолданды. Кінәлі азаматқа қатысты сот үкімімен 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама