×

Теннистен әйелдер құрамасының капитаны ауысты

Бұған дейін құраманы Ярослава Шведова басқарып келді

 Дастан Жұмабекұлы 06.03.2024 | 16:37
Фото: https://t.me/RRaketkasi

Қазақстан теннис федерациясы басшылығының шешімімен әйелдер құрамасына Юрий Щукин жетекшілік ететін болды.

Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасына Ярослава Шведова басшылық етіп келген болатын.

Шведова 2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін әрі капитан, әрі ойыншы ретінде қызмет атқарды. Кейін капитандыққа біржола ауысты. 

Кейінгі жылдары әйелдер құрамасында Юрий Щукин көмекші жаттықтырушы ретінде жұмыс істеді. Сондай-ақ ол 2020 жылдың наурызынан бері Қазақстан ерлер құрамасын басқарады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама