Halyq Uni логотип
×

Алматыдағы жер сілкінісінен соң университеттерді тексердік – Саясат Нұрбек

Бұл мәселенің бәрі университеттің күшімен шешіледі

 Дәурен Ерболат 06.03.2024 | 13:41
Алматыдағы жер сілкінісінен соң университеттерді тексердік – Саясат Нұрбек
фото: Halyq Uni

Алматыдағы жер сілкінісінен соң жоғары оқу орындары тексерілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 

Бүгінде талдау жүргіздік. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, Абай атындағы ҚазҰПУ-да және басқа ЖОО-лардың, тағы бірнеше жатақханада жарықшақ пайда болған. Біз сарапшыларды арнайы
шақырып, талдау жүргіздік. Нәтижесінде (ғимараттардағы) тірек конструкциясына ешқандай зақым келмегенін анықтадық. Жарықшақ бар. Ол қауіпті деп айта алмаймыз. Жағдай бақылауда, - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Саясат Нұрбек барлық мәселені университеттер өздері шешетінін жеткізді.

«Залал мөлшері аз, ғимараттарға айтарлықтай зақым келмеген. Бір жерде сылақ түскен, кейбір ғимаратта кішкене жарықшақ пайда болған. Сондықтан бұл мәселенің бәрі университеттің күшімен шешіледі», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама