Ватерполшы ерлер құрамасы Иран командасына есе жіберді
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегерлері Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина (15-19 жас тобы) жұптық сайыстың еркін бағдарламасында күміс жүлде иеленді.
Бірінші орынды 347.4859 балл алған Өзбекстанның спортшылары Зиёдахон Тошхуджаева мен Анна Ващенко алды. Ал Қазақстаның дуэті 340.1650 ұпай жинады. Үшінші орынға Гонконгтың өкілдері Вонг Винг Ка мен Ву Ку Лок ие болды. Олар қоржынды 290.4529 ұпаймен толтырды.
Су добынан Қазақстан жастар құрамасы топтық кезеңнің үшінші ойынында Иран құрамасына пенальти сериясында есе жіберді.
Қыздар құрамасы үшінші ойында Сингапурды жеңді. Ертең қазақстандық қыздар Қытаймен кездеседі. Жарысқа 7 команда (Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан, Сингапур, Шри-Ланка, Қытай) қатысып жатыр. Олар жеңімпаз бен жүлдегерлерді айналмалы жүйе бойынша анықтайды.
Бұған дейін хабарланғандай, кеше көркем жүзу жарысында Даяна Жаманшалова мен София Ищенко жұбы (13-15 жас тобы) еркін бағдарламада алтын медальді жеңіп алды.
Су добынан Қазақстан жастар құрамасы топтық кезеңнің алғашқы матчында Шри-Ланканы 43:1 есебімен жеңсе, екінші ойынында Сингапур командасымен кездесіп, 16:9 есебімен жеңіске жетті. Енді ертең ұлттық құрама В тобындағы соңғы матчта Малайзиямен кездеседі. Жартылай финалға өз тобында 1-2 орын алған командалар шығады.