×

«Екі заңды біріктіре салған, ішінде ештеңе жоқ». Жаңбыршин Саясат Нұрбекті ұятқа қалдырды

Министр «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын таныстырды

 Ербол Тұрымбет 06.03.2024 | 12:15
фото: parlam.kz

Қазақстанда жер қойнауын пайдаланып отырған үш «кит» бар: ТШО, Қашағанды игеріп отырған NCOC, Қарашығанақта KPO. Бәленбай жер қойнауын пайдаланушы бар. Олар (табысының) 1%-ын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен кадр дайындауға беру керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, егер сол миллиардтаған ақша тауып отырған үлкен үш компанияның қандай қаржы беріп отырғанын (министрлік – ред.) білмесе, бұл – ұят. Қайда, қалай беріп жатқаны жария емес, әлі күнге түсініксіз. Заң жобасында бұл мәселе көрсетілмеген.

Екіншіден, депуатттың айтуынша, ғылымды бюджеттен қаржыландырудың 4 кемшілігі бар. Ашықтық жоқ, бюрократия, қиындықтар, ғылыми кеңес жұмыстарының кемшіліктері.

Мен кеше арнайы түнімен отырып, қандай есеп беріп жатыр екен деп осы ғылыми кеңес жұмыстарын қарадым. Ұлттық ғылыми кеңес деп аталады, оншақтысы бар. Қарап отырсаңыздар, бәрінің есебі – 4 бет. Тек статистика мен өздерінің мүшелерін жазып қойған, ешқандай талдау жоқ. Қандай ғылыми жетістіктер болды, қайда енгізілді, қандай тауарлар экспортқа шығарылады, қандай тауарлар жетілдірілді, қанша салық түсті, қанша жұмыс орны ашылды... ешқандай мәлімет жоқ. Есептері 3 бет және бәрі орыс тілінде жазылған. Не мемлекеттік, не ағылшын тілінде материал жоқ, – деді депутат.

Еділ Жаңбыршин ғылымды дамыту үшін ғалым дамитын орталар болу керек деген пікірін мысалмен жеткізді. Оған Ренсселер политехникалық институты жасаған Америка нұсқасын, Кембридж университеті жасаған ағылшын нұсқасын, Шеньчжень университетінде жасалған Қытайдың нұсқасын мысалға келтірді. Көрші Ресей 13 қаласын ғылым қаласы етіп қойған. Ал бұл заңда ондай нәрсе көрінбейді.

Қытайдың «Құритын мемлекет заңды көп шығарады» деген мақалы бар. Ғылым туралы екінші рет заң қарап жатырмыз. Екі заңды алған да біріктіріп жіберген. Ішінде ештеңе жоқ. Коммерциализация мен ғылым туралы заңды біріктірді де әкеп, мына жерге қойып отырмыз. Одан заң бола ма?!

Сондықтан, министр мырза, екінші оқылымға дейін мынаның ішіне қажетті нәрселерді кіргізуіміз керек, жұмыс істейтін заң болу қажет. Әйтпесе, бұл «холостой патрон» болады», – деді Еділ Жаңбыршин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама