Олар өз елдеріне депортацияланды
ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан аумағын заңсыз қөші-қон үшін маршрут ретінде пайдаланудың кезекті әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
1 наурызда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды іске асыру кезінде Франция Республикасының жалған құжаттарын ұсынған 2 шетелдік азамат ұсталды. Арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың жарамсыздығы расталды. Жалған төлқұжаттар алынып, шетелдік азаматтар депортацияланды.
Жалпы, 2024 жылдың басынан бері шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды пайдаланудың 38 фактісінің жолын кескен.
ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды пайдалана отырып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін хабарлайды.