×

«Сол жақ бетінде қызғылт түсті қалы бар». Қызылордада ер адам төрт күннен бері табылмай жатыр

Қызылорда қаласында 28 жастағы азамат төрт күннен бері табылмай жатыр

 Халық үні 05.03.2024 | 22:31
Фото: Қызылорда қаласы ПБ

Қызылорда қаласында 28 жастағы азамат төрт күннен бері табылмай жатыр, – деп хабарлайды қалалық полиция басқармасы.

Қызылорда қаласында тұратын 28 жастағы Қалдыбек Сансызбайұлы Қайырбеков 1 наурызда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Одан кейін үйіне қайта оралмаған. Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы Қалдыбек Сансызбайұлы Қайырбековке іздеу салады.

Бойы – 1,80 см, шашы қара түсті, орта денелі. Сол жақ бетінде қызғылт түсті қалы бар. Үстіне ақ куртка, ақшыл-көк түсті джинсы шалбар, аяғына қара түсті кроссовка киген.

«Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20, 8-705-255-81-25 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама