6 наурызға ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан бойынша тұман, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста желдің күшеюі күтіледі.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 6 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Антициклон сілемі Қазақстан аумағының басым бөлігінде құрғақ, желсіз ауа-райын сақтайды, тек елдің солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қарлы жаяу бұрқасын күтіледі.
Қазақстан бойынша тұман, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста желдің күшеюі күтіледі.