Halyq Uni логотип
×

СҚО-да 7,8 млн теңгенің вакциналық препараттарының мерзімі өтіп кеткен

Прокуратура жалған екпе жасау және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтарды анықтады

 Динара Амантай 05.03.2024 | 15:22
СҚО-да 7,8 млн теңгенің вакциналық препараттарының мерзімі өтіп кеткен
Фото: Halyq Uni

Облыстық денсаулық сақтау мекемелеріндегі тексерулер медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдалану, жалған екпе жасау және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Осылайша, санитарлық ережелердің талаптарын бұза отырып, денсаулық сақтау қоймасында 7,8 млн теңгеге 1,8 мың доза көлемінде қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакциналар болғаны анықталды.

Прокурорлық тексерулер қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінің медицина қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау фактілерін анықтады. 4 ақпанда прокуратура органдарының материалдары негізінде Петропавл қалалық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы («Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және өткізу бойынша») сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – делінген прокуратура хабарламасында.

Анықталған бұзушылықтар медициналық мекемелердің Бюджет кодексінде көзделген заңды негіздемесіз иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға өтінімдерді қалыптастыруына байланысты болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама