×

Қазақстан Қырғыз Республикасына 1 мың тонна дизель отынын жөнелтті

Отынның екінші партиясы Ыстықкөл облысындағы Балықшы станциясына жөнелтілді

 Динара Амантай 05.03.2024 | 13:24
Фото: ТЖ

Қырғыз Республикасына Қазақстанның гуманитарлық жүгі тапсырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Мемлекеттік материалдық резервтен тиелген 1 мың тонна дизель отыны ресми түрде Қырғыз Республикасына жіберілді. Гуманитарлық көмек президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қолдауымен көрсетілді. 1 мың тонна дизель отынының екінші партиясы Ыстықкөл облысындағы Балықшы станциясына жөнелтілді.

Тапсыру Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рәпіл Жошыбаев пен Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраевтың қатысуымен іске асырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама