Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында аса бағалы дәрілік өсімдікті пайдалануға тыйым салынды

Оны жинап-өңдеу үшін шетелден келетін жұмыс күшіне заңсыз миграция ұйымдастырылады

 Динара Амантай 05.03.2024 | 11:04
Түркістан облысында аса бағалы дәрілік өсімдікті пайдалануға тыйым салынды
Фото: Halyq Uni

Түркістан облысында аса бағалы дәрілік өсімдікті пайдалануға тыйым салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыс прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Отырар, Арыс, Сарыағаш аудандарында өсетін емдік қасиеті өте жоғары болып саналатын «сасық кеурек» өсімдік алқаптарының жойылып жатқаны туралы бейнероликтерді анықтады. Аталған аудандарда сасық кеуректі жинау үшін бірнеше фирмалар құрылып, өнім дайындауға шетелдіктердің жұмыс күшін тартатыны белгілі болды. Бұл ретте кеуректі жинап-өңдеу үшін шетелден келетін жұмыс күшіне заңсыз миграция ұйымдастырылады. Бейресми ақпараттарға сәйкес, жыл сайын 500-700-ден Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан азаматтары келеді.

Қазір оңтүстік өңірде аса бағалы дәрілік өсімдіктің азаюы мен оның жойылуы жердің тозуына, құмның көшуіне алып келеді. Прокуратура экологиялық зардаптардың алдын-алу мақсатында облыс әкіміне «сасық кеурек» өсімдігін пайдалану құқығын шектеу (пайдалануға тыйым салынған түрлеріне жатқызу) мәселесін қарау жөнінде ұсыныс енгізді.

Нәтижесінде биылң 27 ақпанда облыс әкімдігі кеңес құрып, «сасық кеурек» өсімдігін пайдалану құқығын тоқтату (шектеу) жөнінде нормативтік акті шығару туралы шешім қабылдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама