Екі адам күйікпен ауруханаға жатқызылды
Солтүстік Қазақстан облысында екі көлік өртенді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Екі жағдайда да өрт сөндірушілер көліктерді толығымен жанудан аман алып қалды. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Екі адам күйікпен ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ автокөлікті пайдалану және электр жабдықтарын мерзімді диагностикалау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.