Қазақстан бойынша тұман түседі
«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 5-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, антициклон сілемінің ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құрғақ, желсіз болады.
Тек елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне қарай қар жауады, жел тұрып, жаяу бұрқасын соғады. Қазақстан бойынша тұман түседі.