Халықаралық әйелдер күніне орай біржолғы төлем беріледі
Біржолғы көмектің мөлшері 9 230 теңгені құрайды
Астанада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне 34 мың әйелге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Әлеуметтік көмекті елорданың көпбалалы аналары алады.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының көпбалалы отбасыларына, көпбалалы аналарға, оның ішінде тұрмысы төмен аналарға – 34 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9 230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді, - делінген хабарламада.
Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы аналарға беріледі.