Halyq Uni логотип
×

Ресейдің қарулы күштері Северодонецк қаласын қоршауға жақындады

Шайқас жүріп жатқан негізгі аудандар – Северодонецк, Лисичанск, Бахмут, Попасная тәрізді қалалар

 Еркеғали Болатұлы 30.05.2022 | 14:53
Ресейдің қарулы күштері Северодонецк қаласын қоршауға жақындады
фото: ашық дереккөз

Украинадағы соғыс 4-аптаға жалғасты. Әсіресе Донбасста күшейе түскен. Қазір Ресей армиясы Северодонецк қаласын қоршауға жақын. Сондықтан Украина әскері ол жерден шығарылуы мүмкін.

Ал Германия мен Франция лидерлері Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, атысты тоқтатуға және Украинадан әскерін шығаруға үндеді. Ресей президенті болса, батыс елдерінің Киевке қару беруі жағдайды одан әрі тұрақсыздандыруы мүмкін деп мәлімдеді.

Би-Би-Сидің хабарлауынша, Украина әскері осы аптада кемеге қарсы «Гарпун» қанатты зымырандарын алған. Қаруды Ұлыбритания, Дания мен Нидерланды жіберген. Киевке бұл зымырандар Одесса тәрізді оңтүстік порттарын Ресейдің блокадасынан босату үшін қажет. Ал АҚШ-тың жетекші басылымдарының хабарлауынша, Байден әкімшілігі келесі аптада Украинаға алыс қашықтыққа арналған көпреттік зымырандық жүйелерін жіберетінін жариялауы мүмкін. Бұл кешендердің ату қашықтығы Украинаның өзінде бар қарудың ауқымынан ондаған шақырымға асады. Сонымен қатар, Вашингтон Киевке бір мезетте 6 зымыран таси алатын «Химарс» жүк көліктерін жіберуі мүмкін деген де ақпарат бар.

Енді Ресей Северодонецкіні басып алса, Луганск облысын толықтай бақылауға алғанын жариялайды. Ал қазір темір жол хабы Лиман қаласын басып алғандарын мәлімдеп отыр. Дегенмен Украина тарапының мәлімдеуінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, қала үшін күрес әлі жалғасып жатыр.

«Жағдай өте күрделі. Әсіресе, Ресей армиясы Донбас пен Харковь облыстарында қандай да бір нәтижеге қол жеткізуге ұмтылып жатыр.

Шайқас жүріп жатқан негізгі аудандар Северодонецк, Лисичанск, Бахмут, Попасная тәрізді өзге де қалалар. Бірақ біздің қорғанысымыз берік.

Қаншалықты қиын екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес», - деді Украина президенті Владимир Зеленский.

Батыс барлаушыларының мәліметінше, Украина одақтастарынан әскери техника алып жатқан шақта, Ресей керісінше. әскері мен техникасының қолда бар резервтерін жұмсауға мәжбүр. Шығынның орнын толтыру үшін Ресей армиясы ескірген қару-жарақ пен техниканы, нақтырақ айтсақ, Т-62 және БМП-1 танкілерін қолданып жатыр. Бұған қоса, Владимир Путин келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін жас шектеуін жою туралы заңға қол қойған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама