Жер сілкінісі: Алматы облысында көпірлер тексерілді
Жағдай қырағы бақылауда
QazAvtoJol АҚ Алматы облыстық филиалы Алатау бөктеріндегі жер сілкінісінен кейін шұғыл әрекет етті, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Өңірде жалпы ұзындығы 1 544 шақырым болатын республикалық маңызы бар жолдардағы көпірлер тексеріліп, бақылауға алынды.
Қазір барлық 179 көпірдің негізі тұрақты, ақаулар мен жарықшақтар жоқ. Жағдай жол қызметкерлерінің жіті бақылауында, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелген еді.