Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы баяндалды. Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.
Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған.
Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған.
Кездесу соңында мемлекет басшысы өңір әкіміне бірқатар нақты тапсырма берді.