Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері күтілмейді – комиссия
Жер сілкінісінен соң думпулер болуы мүмкін
Сейсмикалық бақылау мен зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы алдағы күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері 70% ықтималдығымен Алматы болжалды полигонында күтілмейді деген қорытындыға келді. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылы 4 наурызда 12 сағат 20 минутта Алматы болжамалды полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады.
Бүгін сағат 11:22-де (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы Мрv=6.1 тіркелген жер сілкінісі Алматыда 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болды. Комиссия жер сілкінісінен соң дүмпулер болады деп санайды. «Сейсмикалық бақылау мен зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жер сілкіністері 70% күтілмейді деген қорытындыға келді, – делінген хабарламада.
Комиссияның шешімі негізінде ТЖД тұрғындарды тұрғылықты жерлеріне қайтуы мүмкін деп шешім қабылданды.
Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады. Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы осы жылдың 6 наурызында, алдағы сәрсенбіде өтеді.