×

Еліміздің мотоспорт командасы әлем чемпионатына қатысады

Биыл Франция, Бельгия мен Жапонияда EWC 24 жарысының жалауы желбірейді

 Дастан Жұмабекұлы 04.03.2024 | 14:54
Фото: Ерзат Серғазин

Былтыр ұлттық мотоспорт тарихында алғаш рет Uniserv Moto82 мотоцикл жарыстарының командасы EWC24 халықаралық жарысында әлемнің үздік 20 командасының қатарынан көрінді. Қазақстан командасының бұл жетістігі әлем мамандарының назарын аударды, деп хабарлады Автомотоспорт федерациясы.

Uniserv Moto82 командасының бас демеушісі – Батыс Қазақстан облысындағы Uniserv компаниясы. Компанияның құрылтайшысы Нұрғазы Сәтбаев ұлттық мотоспортты, атап айтқанда ewc24 форматындағы жол жарысын дамытуды қолдайды. EWC – жол мотожарысының 6-дан 24 сағатқа дейінгі төзімділікке арналған әлемдік турнирі.

Енді Uniserv Moto82 командасы биыл Франция, Бельгия мен Жапонияда өтетін айтулы (EWC 24) жарысқа қатысуды жоспарлап отыр. Осыған орай, бүгін Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясында баспасөз мәслихаты өтіп, онда әлем чемпионаты мен еліміздегі автомотоспорттың жағдайы туралы әңгіме болды. Оған Автомотоспорт федерациясының президенті М. Әбіқаев, Uniserv ЖШС құрылтайшысы Н. Сәтбаев, Uniserv moto82 командасының менеджері Карл Пешек, Йозеф Кубичек, Uniserv Moto82 командасының мотошабандоздары Карл Пешек, Дмитрий Прискоко, Мартин Вашулин қатысты.

Айта кетсек, мотоспортшы Карл Пешек – Uniserv moto82 командасының менеджері Карл Пешектің баласы.

Жиында команданың биылға жоспары мен міндеттері, Uniserv Moto82 командасының жарысқа дайындық кезеңі қаралды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама