Halyq Uni логотип
×

Ресей ракета шығара алмай жатыр

Ұрланған титанның құны 18 млн рубль (270 мың доллар) болған

 Дастан Жұмабекұлы 30.05.2022 | 13:50
Ресей ракета шығара алмай жатыр
фото: brestcity.com

Ресей ракета шығара алмайтындай жағдайға жетті. Себебі, оған қажетті титан металын белгісіз біреулер қоймадан ұрлап әкетіпті. Бұл туралы dw.com хабарлады.

«Ресейде «Тактикалық ракета қаруы» еншілес компаниясының Мәскеу түбіндегі Королево қаласында орналасқан қоймасынан жеті тонна титан ұрлады. Ол «әуе-жер» және «әуе-әуе» текті қаруларды шығаруына ауадай қажет еді», – делінген хабарламада.

Титанның құны 18 млн рубль (270 мың доллар) болған. Ол ұрланғаннан кейін белгісіз бір бағытқа әкетіліп қалған. Оны ұрылар жалған құжаттар арқылы қоймадан шығарған.

Қазір Ресей құқық қорғау органдары тексеруді бастады. Олар ең алдымен жалған құжатты анықтай алмаған күзетті тергеуге кірісті.

Ұрланған титанның авиақұрылыс, ғарыш өндірісі мен жерден ұшырылатын кез келген аппарат үшін өте-мөте қажетті металл екені айтылып жатыр.

Осы оқиғаға байланысты ресейлік журналистер  Қорғаныс министрлігінің құзырындағы қоймаға кім көрінген кіріп, қалаған затын алып кете алатын болғаны ғой жазып жатыр.

«Демек, іс жүзінде мүлдем басқаша жағдайды көріп отырмыз.? Сосын біз тағы Сергей Шойгудың ведомоствосының материалдық базасы неге ескі екеніне таң қаламыз», – деді журналистер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама