Қосымша іс-шаралар жоспары талқыланып жатыр
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев сағат 11:40-тан бастап шұғыл штабта жиналыс өткізіп, қосымша іс-шаралар жоспарын талқылап жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйесі іске қосылған. Қалалық полиция бөлімі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ барлық мектеп мен балабақшада ашық, жиналу пункттері жұмыс істеп тұр.
Жедел жәрдем қызметі мен барлық көпсалалы аурухана, соның ішінде мамандандырылған аурухана, балалар ауруханалары, перзентханалар жұмысы жақсартылған режимде ұйымдастырылған.
Сенімсіз ақпаратты таратпауды сұраймыз. Тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз, – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін редакция елдегі сейсмикалық ахуал, кадр тапшылығы мен ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділігі туралы Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы жер қыртысының флюидті режимі зертханасының меңгерушісі Елизавета Есенжігітовадан пікір алған болатын. Маманның айтуынша, Алматыда күніне бірнеше рет жер сілкінеді, алайда тұрғындар оны сезбейді.