Жер сілкінісінің эпицентрі қаладан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде орналасқан
Алматылықтар қатты жер сілкінісін сезінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖМ Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі бүгін Алматы уақытымен 11 сағат 22 минут 05 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13.2. MPV магнитудасы – 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93 солтүстік ендік, 76.96 шығыс бойлық. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): 5 балл, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Сондай-ақ жедел ақпарат бойынша Алматы облысында 5 балл, Жетісу облысында (Талдықорған) 2 балл жер сілкінісі тіркелген.