Қазақстанда IT-полиция пайда болуы мүмкін
Онда IT саласының мамандары жұмыс істейді
Елімізде киберқылмыспен күресетін арнайы полиция бөлімі ашылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізген болатын. Онда киберқылмысқа баса назар аударылды. Сондықтан ІІМ-нен жеке құрылым бөлініп шығады деген ойдамыз. Олар тек киберқылмыспен айналысады, - деді Үнзила Шапақ Мәжіліс кулуарында.