×

Су спортынан АЧ: Қазақстан құрамасы тағы бір алтын медаль жеңіп алды

Қыздар аралас топтық сайыста 204.6708 ұпай иеленді

 Дастан Жұмабекұлы 04.03.2024 | 10:19
Фото: Тұрлыжан Айтенов

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы (13-15 жас) аралас топтық сайыста чемпион атанды. Команда құрамында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирёва, Аяулым Жақпаева мен Перизат Багаева өнер көрсетті.

Қыздар аралас топтық сайыста 204.6708 ұпай иеленді. Екінші орынға 183.5552 ұпаймен Өзбекстанның спортшылары, үшінші орынға 124.9374 ұпай жинаған Таиландтың өкілдері ие болды.

Азия чемпионатында су добынан Қазақстан жастар құрамасы алғашқы ойында Шри-Ланкадан 43:1 есебімен басым түсті.

Топтық кезеңнің алғашқы ойынында  Қазақстан Шри-Ланка командасын 43:1 есебімен жеңді.

Команданың құрамында Кубайдолла (9), Сатбеген (7), Нұртаза (5), Әли, Пантеелев, Грибов (4), Белоусов, Мадимир, Сулейман (3) гол салса, Балтабекұлы бір доптың авторы атанды.

В тобында ватерполшыларымызбен бірге Сингапур, Шри-Ланка, Иран мен Малайзия құрамалары ойнайды.

А тобына Қытай, Жапония, Өзбекстан, Сауд Арабиясы мен Таиланд командалары қатысып жатыр.

Ватерполшы қыздар құрамасы да жарысты жеңіспен бастады. Алғашқы ойында отандастарымыз Шри-Ланкадан 43:4 есебімен айласын асырды.

Қазақстан құрамасында Дарина Сембек (10), Анеля Алтыбасарова (6), Алина Озкая, Яна Мартынова, Ангелина Лемачко (5), Яна Смолина, Юлия Дружинина (4), Аида Алпысбай (2) гол салса, Анфиса Журавлева мен Ариадна Затыльникова допты торға бір-бір реттен тоғытты.

Чемпионатқа 7 команда (Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан, Сингапур, Шри-Ланка, Қытай) қатысып жатыр. Олар айналмалы жүйе бойынша өзара бақ сынасып, ең көп ұпай жинаған құрамалар жүлдеге ие болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама