Кінәлі лауазымды азаматтар тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Прокуратура органдарының мәліметінше, Жетісу өңірінде 3 жылдан астам уақыт бойы екі шаруа қожалығы бордақылау алаңын салу және асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру үшін жер телімдерін ала алмаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жергілікті атқарушы орган жер заңнамасына қайшы әрекет ете отырып, жер телімдерін беруден негізсіз бас тартқан.
Прокурорлық қадағалау актісін енгізгеннен кейін инвесторларға жалпы көлемі 39 гектар жер телімдері беріліп, кінәлі лауазымды азаматтар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.