Ақтауда 7 жасар қыз саусағынан айырылды

Дәурен Ерболат

Балаға медициналық көмек көрсетіліп жатыр

Фото: pexels.com

Ақтаудағы сауда үйінде 7 жасар қыз жарақат алды, деп хабарлады Lada.kz.

Оқыс оқиға 1 наурызда болған. Қыз сауда үйіндегі эскалаторда саусағынан айырылған.

Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жаратқан алған 7 жасар қыз түсті. Ол саусағының бір бөлігінен айырылды. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Қызға қажет медициналық көмек көрсетілді. Бала оңалтудан өтеді, науқастың денсаулығына қатысты болжам жасау әлі ерте, - деп жазылған облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.