Ақтауда 20 жастағы қыз 5-қабаттан секірмек болды (ВИДЕО)
Қазір қыз баланы іздестіріп жатыр
Ақтауда көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болған тұрғынды полицейлер іздестіріп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция депаратментінің мамандары мәлімдеді.
Белгілі болған ақпарат бойынша, әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде қаладағы 32б шағынауданында әйел адамның суицид жасамақ болғаны анықталды.
20 жастағы қыз бала көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болды. Осыдан кейін ол үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен. Қазіргі уақытта полиция аталған іс бойынша іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.