×

Жарылғыш зат қойылған: Павлодарда сауда үйінен адамдар эвакуацияланды

Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар қызметінен хабарланды

 Халық үні 03.03.2024 | 19:39
фото: ТЖД

«Гулливер» сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар бүгін кешкілік түскен. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

3 наурыз күні сағат кешкі 18.02-де Павлодар қаласындағы «Гулливер» сауда үйінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Құқық қорғау органдары адамдарды эвакуациялады»,-деп хабарлады департаменттен.

Оқиға орнында қазіргі уақытта өңірлік төтенше жағдай департаментінің 17 маманы мен 3 автокөлік, апаттық медицина орталығының, полиция, ұлттық қауіпсіздік комитетінің және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама