×

АҚШ алғаш рет Газа секторына әуеден гуманитарлық көмек тастады

Гуманитарлық жүк көліктерінің маңына жиналған 110-нан астам палестиналық қаза тапты

 Еркеғали Болатұлы 03.03.2024 | 13:03
фото: nypost.com

АҚШ әскери ұшақтардың көмегімен Газа секторының тұрғындарына әуемен гуманитарлық көмек жеткізу операциясын өткізді. Сыншылардың айтуынша, азық-түлікті парашютпен түсіру амалы жүк көліктерімен жеткізуден гөрі әлдеқайда тиімсіз.

АҚШ-қа дейін Газаға басқа елдер әуеден көмек көрсетті, деп хабарлады ВВС.

БҰҰ мәліметі бойынша, үш америкалық C-130 ұшағы кемінде 576 мың адам ашығып жатқан аймаққа 38 мыңнан астам бір кісілік тамақ жеткізген. Контейнерлер парашютпен түсірілген.

АҚШ президенті Джо Байден 1 наурызда Газаға әуе арқылы гуманитарлық көмек жеткізу жоспарын жариялаған болатын. Бейсенбіде Газа қаласында гуманитарлық жүк көліктерінің маңына жиналған 110-нан астам палестиналық қаза тапты.

Газаның ХАМАС бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігі болған оқиға үшін Израильді айыптады. Ал Байден ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыста уақытша атысты тоқтатуға қол жеткізу перспективаларына алаңдаушылық білдірді. Израиль өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

Олардың кейбіреуі (палестиналықтар) басқа газалықтарды аяусыз итеріп, тіпті таптап, гуманитарлық жүктерді ұрлай бастады. Осы келеңсіз оқиғаның салдарынан ондаған газалық қаза тауып, жарақат алды, - деді Израиль қорғаныс күштерінің өкілі Даниэль Хагари.

Оның айтуынша, «жағдай израильдік әскерилердің бақылауынан шығып кеткен».

Бұл – АҚШ-тың Иордания Әуе күштерімен бірге жүргізген парашютпен гуманитарлық көмек түсіру операциясы Байден жариялаған алғашқы шара болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама