Белгілі саясаткер Сейдахмет Құттықадам өмірден озды
Дипломатиялық қызметін 1998 жылы ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаменті Еуропа және Америка басқармасының референті болып бастаған
Ұзаққа созылған аурудың салдарынан белгілі саясаттанушы, публицист, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Еске сала кетсек, Сейдахмет Құттықадам 1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітіріп, өзінің дипломатиялық қызметін 1998 жылы ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаменті Еуропа және Америка басқармасының референті болып бастаған.
Сейдахмет Құттықадам 1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Бірқатар республикалық газет-журналдың бас редакторы қызметін атқарған. Жетекші республикалық газет-журналдарда 500-ден астам жарияланымы бар. Техника ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Вызов времени», «Миражи и реалии», «Елге қызмет ету» (2009), «Қазақ драмасы» (2010) кітаптарының авторы.
- 1969-1975 жылдары – Қазақстан Ғылым академиясының Мұнай химиясы және табиғи тұздар институтының инженері, кіші ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі;
- 1975-1976 жылдары – Қазақ ғылыми-зерттеу және мемлекеттік фосфор өнеркәсібін жобалау институтының аға ғылыми қызметкері;
- 1976-1978 жылдары – Қазақ химия-технология институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, оқытушысы;
- 1978-1986 жылдары – Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының сырттай оқу факультетінің аға оқытушысы, доценті, деканы;
- 1986-1991 жылдары – Арқалық педагогикалық институтының химия және биология кафедрасының меңгерушісі;
- 1991 жылы – «Арай-Заря» журналы бас редакторының орынбасары;
- 1991-1993 жылдары – экспорттық-талдау қызметі бас басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасының Баспа және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары;
- 1993-1994 жылдары – «Дәyip-Время» газетінің бас редакторы;
- 1994-1995 жылдары – «Арай-Заря» журналының бас редакторы;
- 1995-1999 жылдары – «Аргументы и факты Казахстан» газетінің шолушысы;
- 1999 жылдың қаңтарынан «Өрлеу» қоғамдық қозғалысының төрағасы;
- 2002-2003 жылдары – «Эпоха» газетінің бас редакторы;
- 2004-2005 жылдары «Начнем с понедельника» газетінің шолушысы қызметтерін атқарған.
- 2006 жылдың қаңтар айынан бастап «Мысль» журналының бас редакторы болды.