Қостанайда аязды күні ауруханадан шығып кеткен зейнеткердің денесі табылды
Қазір сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр
Қостанайдың 68 жастағы тұрғынының денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол суықта үсіп өлген.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, зейнеткер әйел 29-ақпан күні түн ішінде қалалық ауруханадан шығып кетіп, үйіне оралмаған.
Оны іздеуге полицияның жеке құрамы мен еріктілер және кейбір Қостанай тұрғындары жұмылдырылған. Сол күні кешкі сағат 19:30 кезінде Станционная көшесі маңынан денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің денесі табылды.
Аталағн факті бойынша сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.